Петропавловск
+21°C
Главная страница » CҚО » СҚО-ҒА ҚР су ресурстары және ирригация министрі келді

СҚО-ҒА ҚР су ресурстары және ирригация министрі келді

“Қазсушар” РМК Солтүстік Қазақстан филиалының Петропавл су торабында 24,5 текше метр су жиналды. СҚО-ға тасқын суларды өткізу және олардың жинақталу барысымен танысу үшін Су ресурстары және ирригация министрі келді, деп хабарлайды QZ Мedia тілшісі.

Қазіргі уақытта Петропавл су торабы транзиттік режимде жұмыс істеуде. Су тасқыны басталғаннан бері мұнда 42 миллион текше метр су келді, ағызу 24 миллион текше метрді құрады. 4 сәуірден су деңгейі көтеріліп, бүгінде 3,55 метрге жетті. Тасқын сулардың үлкен көлемінің ағуы жағдайында су торабы секундына 6330 текше метрге дейін су босата алады.

Айта кетейік, 2022 жылы Петропавл су торабына көп факторлы тексеру жұмысы жүргізілді.

Shares