СҚО Кәсіпкерлер палатасының жанынан салалық құрылыс кеңесі құрылды
Петропавлдағы Атамекен алаңында құрылыс мәселелері жөніндегі салалық кеңестің бірінші отырысы өтті. Оның құрамына өңірдің жетекші құрылыс және жобалау компанияларының өкілдері кірді, деп хабарлайды QZ Мedia тілшісі.
СҚО Кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Жеңіс Қазиев жаңашылдыққа зор баға береді. Оның сөзінше, салалық кеңес құру – бизнес-қоғамдастық пен мемлекеттік билік органдары арасындағы тиімді өзара іс-қимылды дамытудағы маңызды қадам.
“Жаңа салалық кеңес құрылыс саласының өзекті мәселелерін анықтап, шешетін, бизнестің құқықтары мен мүдделерін қорғайтын, құрылыс саласының дамуына ықпал ететін болады. Сондай-ақ кеңестің міндеттеріне саланы дамыту бойынша ұсыныстар әзірлеу, құрылыс саласындағы кәсіпкерлердің құзыретін арттыру, өңіраралық салалық өзара іс-қимыл және т.б. кіреді”, – деп атап өтті Жеңіс Қазиев.
Өңір құрылысшылары кеңес құрамына кіре отырып, саланың проблемалық мәселелерін көтеруге, мемлекеттік органдар мен Үкімет деңгейіне ұсыныстар енгізуге мүмкіндік алды. Сондай-ақ, кәсіпкерлер НҚА сараптамасына, туындайтын проблемаларды шешу бойынша мемлекеттік бағдарламаларды, ұсынымдарды әзірлеуге және іске асыруға белсенді қатысатын болады. Палатаның салалық кеңестерінің отырыстары тоқсан сайын – облыс әкімінің жауаптылық танытатын орынбасарларының төрағалығымен, ал жарты жылда бір рет өңір басшысының қатысуымен өтеді.
“Ash Stroy” ЖШС директоры, “Қазақстан құрылысшылар одағы” ЗТБ облыстық филиалының төрағасы Әміржан Шәкей салалық құрылыс кеңесінің төрағасы болып бірауыздан сайланды. Ол өзінің және Кеңестің барлық мүшелері палатаға құрылыс саласында кәсіпкерлікті дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасауға жәрдемдесуге барынша күш салатынына сендіріп, әріптестеріне сенім білдіргені үшін алғысын білдірді.
Бірінші отырыста құрылыс материалдарын өндірушілердің өтініштері, “E-Qurylys” порталымен байланысты проблемалық мәселелер, сондай-ақ құрылыс компанияларының табиғи монополиялар субъектілерімен өзара қарым-қатынасындағы проблемалар қаралды.
“Бірінші отырыста құрылыс материалдарын өндірушілердің өтініштері, “E-Qurylys” порталымен байланысты проблемалық мәселелер, сондай-ақ құрылыс компанияларының табиғи монополиялар субъектілерімен өзара қарым-қатынасындағы проблемалар қаралды. Құрылыс кеңесін құру бизнес пен мемлекет арасындағы диалогты нығайту, сала проблемаларын шешу және оны одан әрі дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасау үшін маңызды қадам болып табылады деп санаймын”, – деп түйіндеді Әміржан Шәкей.