Петропавловск
+21°C
Главная страница » CҚО » СҚО кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасына жаңа басшы келді

СҚО кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасына жаңа басшы келді

Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің үкімімен СҚО кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының жаңа басшысы тағайындалды, деп хабарлайды QZ Media тілшісі.

Лауазымға Ісмағұлов Ильдар Оралбайұлы келді. Ол 1988 жылы 1 мамырда Ақмола облысы, Астана қаласында дүниеге келген. 2010 жылы «Еуразия гуманитарлық университетін» «Экономика және бизнес» мамандығы бойынша, 2014 жылы «Академик Бөкетов атындағы Қарағанды ​​мемлекеттік университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірген. Ал 2018 жылы Инновациялық Еуразия университетін (қашықтықтан оқыту курсы) бітірді, Іскерлік басқару магистрі. 2017 жылдан 2018 жылға дейін Management & Marketing Universal BUSINESS SCHOOL-да «MBA General management» бағыты бойынша оқыды.

2022 жылы Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетін «Агрономия» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 2009 жылы Астана қаласы «Сарыарқа ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыру-бақылау және кадр жұмысы бөлімінде бастады. 2011 жылдан 2014 жылға дейін «Қазақстан инжиниринг» Ұлттық компаниясы» АҚ-да Активтерді басқару және корпоративтік даму департаментінің менеджері, «Теңіз» бөлімшесінің менеджері, №1 департаментінің менеджері болып жұмыс істеді.

2014 жылдың маусымынан қарашасына дейін «Қазақстан авиация өнеркәсібі» ЖШС тәуекел-менеджері қызметін атқарды. 2014 жылдан 2017 жылға дейін «Қазақстан инжиниринг» Ұлттық компаниясы» АҚ-да әртүрлі лауазымдарда жұмыс істеді, оның ішінде: Мемлекеттік қорғаныс тәртібі департаментінің бас менеджері, басқарма хатшысы, өндірістік бөлімнің бас менеджері.

2017 жылдың мамыр айынан бастап 2018 жылдың мамырына дейін «SHAHEN INVEST» ЖШС бас директоры болып жұмыс істеді.

2018-2019 жылдары «Қазақстан қаржы-өндірістік холдингі» ЖШС жұмыс істеген.

2019 жылғы сәуірде Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі NADloC Жергілікті қамтуды дамыту агенттігінің мониторинг орталығы директорының орынбасары қызметін атқарды. 2019 жылдан 2021 жылға дейін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі «Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы» КЕАҚ корпоративтік хатшысы болып жұмыс істеді. 2021-2022 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің «Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы» КЕАҚ басқарушы директоры – басқарма мүшесі болып жұмыс істеді. 2022 жылдың мамырынан 2023 жылдың наурызына дейін м-секторында жұмыс істеді. Бұл қызметке тағайындалғанға дейін қаржы басқармасы басшысының орынбасары қызметін атқарған.

Shares