Петропавловск
+21°C
Главная страница » CҚО » СҚО-лық оқушылар мен колледж студенттері «Decentrathon 2.0» хакатонына қатысуда

СҚО-лық оқушылар мен колледж студенттері «Decentrathon 2.0» хакатонына қатысуда

Еліміздің 19 өңірінде 2500-ден астам адам «Decentrathon 2.0» ірі мультипликациялық хакатонға қатысып жатыр, деп хабарлайды QZ News тілшісі.

Іс-шараны ҚР цифрландыру министрлігі мен Қазақстанның IT-компанияларының қолдауымен Astana Hub халықаралық технопаркі өткізеді. Жүлде қоры 50 мың долларды құрайды.

СҚО-да командалық сайыс Қозыбаев университетінің қабырғасында ұйымдастырылды.

“2-4 адамнан құралған командалар, барлығы 80-ге жуық жас майталман жиналды. Бұл – мектеп пен колледждің білім алушылары, сонымен қатар, бағдарламашылар. Біздің ЖОО-дан инженерия және ақпараттық жүйелер саласында оқитын студенттердің 13 командасы қатысты”,- делінген ЖОО-ның хабарламасында.

Хакатон бағдарламасы үш тректен тұрады, олардың әрқайсысында белгілі бір тапсырмалар беріледі: GameDev ойындары мен телеграм қосымшаларын дамыту, жасанды интеллект және блокчейн-технологиялары.

Екі күн ішінде IT-кейс әзірленетін болады. Қатысушыларға серіктес компаниялардың тәлімгерлері көмек көрсетеді. Әрі қарай, қазылар алқасы жеңімпазды таңдайды.

Shares