СҚО мектептерінде жасөспірім қыздар мен олардың ата-аналарына АПВ-ға қарсы екпе туралы айтылды
СҚО санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінде айтылғандай, өңірлерде мектеп дәрігерлері және медбикелерінің қатысуымен 11-13 жас аралығындағы қыздар мен олардың ата-аналарына АПВ-ға қарсы вакцинацияның маңыздылығын ақпараттандыруға арналған кездесулер өтуде, деп хабарлайды QZ News тілшісі.
Дәрігерлер жиналғандарға вирустың қауіптілігін, вакцинаның қалай жұмыс істейтінін, қандай жанама әсерлер болатынын және иммундаудан өтудің маңыздылығын түсіндіруде.
“Қазіргі таңда түсіндірме шаралары ата-аналар мен мұғалімдер арасында вакцинация жайлы оң пікірдің қалыптасуына ықпал етті. Көпшілігі жасөспірімдердің салауатты әдеттерін қалыптастыруда осындай бастамалардың маңыздылығын атап өтуде. Вакцинация жастардың денсаулығын қорғауға және болашақта қауіпті аурулардың алдын алуға көмектеседі”,- делінген СҚО санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің хабарламасында.