Петропавловск
+21°C
Главная страница » CҚО » СҚО-ның 300 су айдынында аэрация жүргізіледі

СҚО-ның 300 су айдынында аэрация жүргізіледі

Тұқы, шортан, ақбалық және албырт – су сапасына өте сезімтал әрі аймақта ең көп таралған балық түрлері. Балықтың бағалы түрлерін сақтау үшін жыл сайын аэрация жұмысы қажет, деп хабарлайды QZ Мedia тілшісі.

Ақпарға сүйенсек, бір литр суда екі миллиграмм оттегі болса, жағдай мәз емес. Ал егер балықтың тыныс алуына қажетті химиялық элементтің көрсеткіші бұдан да төмен болса, онда балық қырылып қалады.

“Көктемнің бастапқы кезеңі – судағы тіршілік иелері үшін ең қауіпті уақыт. Осы кезеңде су астындағы өсімдіктердің шіріп кетуіне және т. б. жағдайларға байланысты еріген судағы оттегінің мөлшері күрт азаяды. Балықтардың қысқы кезеңде шыдауы үшін жалға алушылар су объектілерін аэрациялаумен айналысады, яғни, балықтардың тіршілік ету ортасын байытады. Пестрое көлінде алабұға, шортан және торта балықтары бар”, – деді СҚО бойынша балық инспекциясы бөлімінің бас маманы Григорий Петрушевский.

5 күн ішінде мамандар ауданы 200 гектарды құрайтын су қоймасын толығымен оттегімен байытуы керек.

“Біз 14 жылдан бері су айдынын жалдап келеміз. Онда балықтың 11 түрі кездеседі. Жұмысымызға қызығушылық танытқан адамдар кедергі келтіреді, көл үлкен, оны қадағалау қиын дегендей. Қарда жүретін көліктері бар адамдар аэрация жүргізетін орындарға дер кезінде жетеді”, – деді Пестрое көлін жалға алушы Владимир Иваненко.

Солтүстік Қазақстан көлдеріндегі аэрация көктемге дейін жалғасады. Әзірге мұз қалың. Оқу-жаттығу облыстың 300 су айдынында өткізіледі.

Shares