Петропавловск
+21°C
Главная страница » CҚО » СҚО-ның үздік жас қызметкері «ПАМЖЗ» АҚ-да еңбек етеді

СҚО-ның үздік жас қызметкері «ПАМЖЗ» АҚ-да еңбек етеді

Қала тұрғыны Әлібек Уатаев облыстағы үздік жас өндіріс қызметкері атанды. Ол өз өмірін машина жасау саласымен байланыстырды. Төрт жылдан бері “ПАМЖЗ” зауытында жұмыс істейді. Зауыт жұмысшысы бұл мамандықты таңдағанына еш өкінбейді және осы салада табысқа жетуді жоспарлап отыр, деп хабарлайды QZ Media тілшісі.

Әлібек Уатаевтың техникалық білімі бар, жас маман машина жасау зауытында төрт жылдан бері жұмыс істейді. Ол учаске бригадирі болып қызмет атқарады. Отбасында өмірін бұл саламен байланыстырған Әлібек қана. Ол өз таңдауына өкінбейді. Жұмыс істеп қана қоймай, жерлесіміз түрлі жарыстарға қатысып та жүр. Ұжымдағылар оның жауапкершілігі мен еңбекқорлығын аса бағалайды.

«Біз мұнай-газ саласына қажетті құрал-жабдықтарды, басқа да техникаларды шығарамыз. Станоктар заманауи, олармен жұмыс істеу өте ыңғайлы. Маған бұл зауыт ұнайды. Ұжым өте жақсы, аға тәлімгерлер қажет болса, әрқашан кеңес береді. Менің міндетім – өндірісті қадағалау», – дейді Әлібек.

Биыл Әлібек «Еңбек жолы» байқауына қатысып, облыстағы үздік жас өндіріс қызметкері деп танылды. Оны алда республикалық кезең күтіп тұр.

 

Shares