Петропавловск
+21°C
Главная страница » CҚО » СҚО полицейлері тіркелмеген мылтықпен заңсыз аңшылық жасаған күдіктілерді ұстады

СҚО полицейлері тіркелмеген мылтықпен заңсыз аңшылық жасаған күдіктілерді ұстады

СҚО-да полицейлер «Браконьер» жедел-профилактикалық іс-шарасы шеңберінде рейдтік іс-шаралар жүргізіп жатыр, деп хабарлайды QZ News тілшісі.

Аққайың ауданының аумағында өткен осындай кезекті рейдтердің біріне «Советское» аңшылық шаруашылығының директоры мен қорықшылары, СҚО ПД жергілікті полиция қызметі басқармасының құрамындағы табиғатты қорғау полициясы тобының қызметкерлері қатысты.

Олар орман ішінен мылтық даусын естіп, машина фарасының жарығын байқап қалды. Түнде көруге мүмкіндік беретін арнайы құрылғының көмегімен екі адамның сұлбасы көрінді. Олар атылып алынған жануарды көлікке тиеп жатқан.

Тәртіп сақшылары «Audi» автокөлігін тоқтатты. Оның ішінде ауданның 31 және 37 жастағы екі тұрғыны отырған. Көліктің жүксалғышынан екі сібір елігі табылды. Ер адамдардың аңшылықпен айналысуға рұқсат беретін құжаттары болмаған.

Сондай-ақ көліктің салонынан оқсауытына 5 патрон салынатын 12-ші калибрлі тегіс ұңғылы «МР» мылтығы, қызғылт түсті дақтар бар пышақ тәркіленіп алынды. Мылтықтың күдіктілердің ешқайсысының атына тіркелмегені анықталды.

«Күдіктілер 5 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. «Бракоконьер» іс-шарасы 20 қазан мен 19 қараша аралығында өтіп жатыр. ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткен «Заң және тәртіп» қағидатын іске асыру шеңберінде заңсыз аңшылық фактілерінің, аңшылық және балық аулау қағидалары бұзушылықтарының жолын кесу бойынша шаралар қабылданып жатыр, жедел-профилактикалық іс-шара шеңберінде сәйкесінше 110 және 15 бұзушылық анықталды», – дейді СҚО ПД жергілікті полиция қызметі басқармасының құрамындағы табиғатты қорғау полициясы тобының ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы полиция подполковнигі Асхат Қожабаев.

Shares