СҚО соттарында кадрлық тағайындаулар жүргізілді
Солтүстік Қазақстан облыстық сотында 2025 жылғы 30 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен тағайындалған судьяларды таныстыруға арналған жиын өтті, деп хабарлайды QZ News.
Атап айтқанда, Солтүстік Қазақстан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы болып Оспанбаева Әсел Қайратқызы тағайындалды. Жаңадан тағайындалған судья салтанатты түрде ант қабылдады.
Облыстық соттың төрағасы Серікжан Ғабдулин судьяны жаңа қызметімен құттықтап, жұмысына сәттілік тіледі.