СҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке басшы болып Бақдәулет Махмұд тағайындалды
Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі департаментінің басшысы лауазымына Бақдәулет Махмұд тағайындалды. Бұл туралы ведомствоның баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады QZ News.
Бақдәулет Бақмұхамедұлы 1980 жылы Қызылорда облысында дүниеге келген. Жоғары экономикалық және заңгерлік білімі бар. Қызмет барысындағы жетістіктері үшін Бауыржан Момышұлы атындағы II дәрежелі «Айбын» орденімен және құқық қорғау органдарының ведомстволық марапаттарымен марапатталған.
Еңбек жолын 2002 жылы қаржы полициясы органдарында бастап, соның ішінде түрлі басшылық лауазымдарда жұмыс істеген. 2016 жылдан бастап Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінде жұмысын жалғастырды.
Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысы қызметіне тағайындалғанға дейін Бақдәулет Махмұд Астана қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаменті басшысының орынбасары қызметін атқарды.