Петропавловск
+21°C
Главная страница » CҚО » СҚО жолдарында болған апат салдарынан 34 адам қаза тапты

СҚО жолдарында болған апат салдарынан 34 адам қаза тапты

Ағымдағы жылдың 9 айында Солтүстік Қазақстан облысында 268 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, салдарынан 34 адам қаза тапты және 386 адам жарақат алды, деп хабарлайды QZ Media тілшісі.

Солтүстік Қазақстан облысында республикалық маңызы бар жолдар мен елді мекендерде жол-көлік оқиғасы көрсеткішінің артуы байқалады. “Жол-көлік оқиғаларының 92 пайызы жүргізушілердің кінәсінен болады”,- дейді полицейлер.

«Жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында жыл басынан бері жол қозғалысы ережелерін бұзған 53 мың 257 құқық бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Жалпы айтсақ, жол-көлік оқиғасы көрсеткішіне тікелей әсер еткен 23 мың 652 өрескел бұзушылық анықталды. Мас күйінде көлік жүргізген 876 жүргізуші жауапкершілікке тартылды», – деді СҚО ПД бастығы Айдын Қабдұлдинов.

Shares