Петропавловск
+21°C
Главная страница » CҚО » Су тасқынына байланысты жарықсыз қалған СҚО-ның 4 ауылына электр энергиясы қайта берілді

Су тасқынына байланысты жарықсыз қалған СҚО-ның 4 ауылына электр энергиясы қайта берілді

Қазіргі уақытта Есіл ауданындағы екі ауыл электр энергиясынсыз қалып отыр, деп хабарлайды QZ Мedia тілшісі “СҚ ЭЖТК” АҚ-ға сілтеме жасап.

Қазір Жарқайың ауылы қуатсыз қалып отыр, ол жерден халық толығымен эвакуацияланды, сондай-ақ Николаевка ауылы бар, онда Береговая көшесін су басу салдарынан ауыл тұрғындары қауіпсіз жерге көшірілді. Шал ақын және Есіл ауданындағы 4 елді мекенде электр энергиясын үздіксіз беру қалпына келтірілді, онда кешеден бастап су тасқынына байланысты апаттар болып, салдарынан жарық сөне бастаған еді. Әңгіме Жаңаталап, Кеңес, Мектеп және Өрнек ауылдарына қатысты.

Shares