Петропавловск
+21°C
Главная страница » CҚО » Су тасқынынан зардап шеккен теріскейліктердің несиелері кейінге қалдырылды

Су тасқынынан зардап шеккен теріскейліктердің несиелері кейінге қалдырылды

“Қазақстан Халық Банкі” АҚ СҚОФ су тасқыны кезінде зардап шеккен кәсіпкерлерден 27 өтініш келіп түсті, деп хабарлайды QZ Мedia тілшісі.

Әр өтініш мұқият қаралды, деді “Қазақстан Халық Банкі” АҚ СҚОФ директорының орынбасары Рустам Нұрышев. Оның айтуынша, негізінен шағын дүкендер, шағын цехтар, тасымалдау саласына қатысты кәсіпкерлер қатты зардап шекті. Кәсіпкерлер кредиттер бойынша төлемдерді кейінге қалдыруды 3 айға дейінгі мерзімге – 2024 жылғы 1 сәуірден 30 маусымға дейін пайдаланды.

“Егер клиенттерде бәрі жойылған болса, біз стандартты режимде кейінге қалдыру нұсқаларын қарастырамыз, біреуге бір жылға кейінге қалдырамыз, өсімпұлдарды, айыппұлдарды алып тастаймыз, осылайша клиент қалпына келеді. Кейбір сәттерде біз қосымша қаржыландыруды қарастырамыз. Біз клиентті қиындықта қалдырмаймыз. Жаңа үй-жайларды сатып алу үшін хабарласқан клиенттер бар. Біз оларды толық қаржылық талдаумен қарастырамыз, әрқашан клиентпен кездесуге барамыз. Кейінге қалдыру кезінде клиенттердің кредиттік тарихы өзгерген жоқ”, – деді “Қазақстан Халық Банкі” АҚ СҚОФ директорының орынбасары Рустам Нұрышев.

Shares