Тәртіпсіз тұрғынның салдарынан Бескөл ауылының шағын аудандарының бірінде су беру тоқтатылды
Қызылжар ауданының әкімі Сақтаған Сәдуақасов Бескөл ауылындағы шағын ауданның тұрғындарына үндеу жасады, деп хабарлайды QZ News тілшісі.
“Құрметті Бескөл ауылының МЖК шағын ауданының тұрғындары! Жергілікті тұрғын жұмыс істеп тұрған су құбырына рұқсатсыз – өз бетінше қосылғысы келген. Соның салдарынан Шығыс және Сүтішев қиылысында құбырдың жарылуы орын алды. МЖК ауданы сусыз қалды. Қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде, мамандардың қатарына қосымша «Қызылжар су» күштері қосылды. Бірнеше сағаттың ішінде мәселені шешеміз, үйлерге су жеткізу ұйымдастырылды. Естеріңізге сала кетейік, келісімсіз су құбырына қосылға болмайды. Уақытша қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз, су беру қалпына келтіріледі”, – деді Қызылжар ауданының әкімі Сақтаған Сәдуақасов.