Петропавловск
+21°C
Главная страница » CҚО » Тағдырдың тәлкегіне ұшыраған 19 жастағы петропавлдық Эльдар Габдулин қомақты мөлшерде ақша жинауға мәжбүр

Тағдырдың тәлкегіне ұшыраған 19 жастағы петропавлдық Эльдар Габдулин қомақты мөлшерде ақша жинауға мәжбүр

Бас миының қатерлі ісігі – GIV глиобластома. Бұл – 19 жастағы петропавлдық Эльдар Габдулинге жергілікті дәрігерлер қойған диагноздың атауы. Жігіттің айтуынша, ауру өткен жылдың соңында пайда болған. QZ Мedia тілшісінің материалында толығырақ баяндалады.

“Жүрек айнуы мен бас ауруы пайда болды, осы белгілермен медициналық көмекке жүгіндім. Дәрігер менің асқазаным ауырады деп ойлады, маған дәрі-дәрмек тағайындалды. Басым өте қатты ауырды, әрең жүрдім десем болады. Құсқан күндер де есімде, кезекке байланысты дәрігердің қабылдауын ұзақ күттім. Содан кейін көруім нашарлады. Бір күні МРТ жасаттық, қорытындыны анам алды, оның түрін көргенде жағдайдың нашар екенін бірден түсіндім, осылай дәрігерлердің табалдырығын тоздыру басталды”, – деді Петропавл тұрғыны Эльдар Габдулин.

Солтүстік Қазақстан облысы дәрігерлерінің жолдамасы бойынша Эльдар Габдулин елордаға барған, онда жерлесімізге ота жасалды. Петропавлдық мамандар ісіктің негізгі бөлігін алып тастай алғанын айтады, сонымен қатар жерлесіміз Астанада сәулелік терапия курсынан өтті, ол да өз нәтижелерін берді.

“Маған Петропавлда дәрігер химия керектігін айтты, сонда көңіл-күйім қатты түсіп кетті. Астанаға жіберді, 30 мәрте ем алдым. Бұл осы жылдың наурыз айында болды. 10 рет алғаннан кейін шашым түсе бастады. Тексеріс жүргізілді. Сонда дәрігерлер ісіктің араласуына қарамастан өсе береді деген қорытындыға келді”, – дейді Эльдар.

Дәрігерлерден ақыл-кеңес алған жігіт жақындарымен және жақын достарымен ақылдасып, түріктің “Анадолы” клиникасынан көмек сұрауға шешім қабылдады. Ондағылар Эльдарға көмектесуге дайын, бірақ емдеу қымбатқа түседі. Ол қазір отбасымен бірге операцияға қаражат жинауда.

“Бізде сатуға болатын мүлік жоқ, сондықтан жомарт адамдардан көмек сұрадық. Анализдің өзіне 4-5 мың доллар қажет. Бұл сома өсуі де ықтимал. Мен жауап беріп, көмектескендердің барлығына ризамын. Ақша жинау ҚР мен РФ-да өтіп жатыр. Науқан 24 шілдеде басталды және 1,5 млн теңгеден астам ақша жиналды. Біз қажетті соманы жинағаннан кейін клиникаға баруымыз керек”, – дейді Эльдар Габдулин.

Эльдар Габдулин – педагогикалық колледждің студенті. Бозбала грантта оқиды, шет тілі мұғалімі болуды жоспарлап отыр. Бастапқыда ауылда жұмыс істегісі келеді, содан кейін Эльдар қалаға оралып, бос орын табылатын оқу орнына орналасуды армандайды. Солтүстікқазақстандық өз отбасын құруды да мақсат санайды. Алайда, жоспарды жүзеге асыру үшін ауруды жеңу қажет. Назар салыңыз! Осы материалдың астынан сіз біздің жерлесімізге қалай көмектесуге болатындығы туралы мәлімет таба аласыз.

Каспий, Халық: 87771924180
Сбербанк РФ: 2202206714555195
Инна К.(әпкесі) +79324021776

Shares