Тайынша ауданында тасқыннан кейін тұрғын үйлер мен аулалар дезинфекциялануда
Маңызды жұмыс! Тайынша ауданының Красная Поляна, Макашевка, Черниговка, Кантемировское және Алабота ауылдарында су басқан аулалар мен тұрғын үйлерді дезинфекциялау жұмыстары жүргізілуде, деп хабарлайды QZ Media тілшісі.
«Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының мамандары дезинфекциялық жұмыстардың сапасын қадағалап, жұқпалы ауруларды күнделікті бақылауда. Бұл – жіті ішек инфекциясы, А вирусты гепатиті, сальмонеллезге қатысты тексерулер», – деді Тайынша аудандық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау бөлімі басшысының м.а. Анар Шәріпов.
Ауданда жоғарыда аталған инфекцияларға қатысты жағдай тұрақты, – деді сөз соңында Анар Шәріпова. Су тасқыны кезеңінде өсім байқалмады.