Тайыншы мектеп оқушыларына нашақорлықтың адам денсаулығына, болашағына зиянды әсері бенеленген фильм көрсетілді
Тайынша қаласының аудандық мәдениет үйінде жоғары сынып оқушылары үшін кәмелетке толмағандар арасындағы нашақорлықпен күресуге арналған фильм көрсетілді, деп хабарлайды QZ News тілшісі.
Іс-шара жасөспірімдер арасында нашақорлықтың алдын алуға бағытталған профилактикалық жұмыстың маңызды бөлігі болып табылады.
«Есірткі тұтынудың зардаптарын айқын көрсететін фильм студенттердің санасында терең із қалдырады. Мұндай форматтағы іс-шараның мақсаты – жастарға нашақорлықтың адам денсаулығы мен болашағына зиянын көрсету ғана емес, сонымен қатар оларға өз тәртібінежауапкершілікті сезінуге шақыру», – делінген аудан әкімдігінің хабарламасында.
Фильмді тамашалаған жасөспірімдерге өз денсаулығын күтіп, азғындықтан аулақ болып, саламатты өмір салтын сақтау қаншалықты маңызды екені түсіндірілді. І с-шарада әрбір жас нашақорлықтан өзін және жақындарын қорғай отырып, оған қарсы тұруы тиіс екендігі баса айтылды.