Петропавловск
+21°C
Главная страница » CҚО » Топан су тағы да Қызылжар ауданы мен Петропавлға жақындады

Топан су тағы да Қызылжар ауданы мен Петропавлға жақындады

Су тасқынының екінші толқыны өңірге жетті. Сергеев қоймасында осыдан екі күн бұрын ең жоғары деңгей тіркелді. Онда көрсеткіш 3 метр 64 см болды, деп хабарлайды QZ Мedia тілшісі.

Бейінді департамент қызметкерлері алдағы екі күнде екінші толқынның ең жоғары көлемі Қызылжар ауданының аумағынан өтеді деп сенеді. Бұл ақпаратты синоптиктер де растайды. Олардың мәліметтері бойынша, су Петропавлға да келеді.

“Су тасқынының ең жоғары көлемі кіші өзендер мен Есіл өзені арқылы өтті. Бұл – Ғ. Мүсірепов, Шал ақын, Есіл аудандары. 20 сәуірден бастап Қызылжар ауданында су деңгейінің көтерілуі байқалады. Ал 22 сәуірден бастап Петропавлда су деңгейінің қайта көтерілуі байқалады. Облыс орталығында күтілетін көтерілу деңгейі – 1315-1335 см. Олар 28 сәуірге дейін тіркелетін болады. 1 мамырдан бастап Солтүстік Қазақстан облысының аумағында су деңгейінің тұрақты төмендеуі күтілуде”, – деді СҚО бойынша “Қазгидромет” РМК директоры.

Ойқала шағын ауданында су сорғылардың көмегімен сорылады, деді СҚО ТЖД Азаматтық қорғаныс басқармасының бастығы Кирилл Иванников.

“Су басқан учаскелердегі деңгей төмендей бастаған кезде, бізге берілген жоғары өткізгіштік сорғыларды іске қосамыз, яғни суды соруды бастаймыз, осылайша залалды бағалайтын комиссия өз жұмысын тезірек орындайды. Шамамен 10 күн бұрын екі сорғы алынды, Өткен аптада бізге тағы үш сорғы жеткізілді”, – деді Кирилл Иванников.

Shares