Петропавловск
+21°C
Главная страница » CҚО » Уәлиханов ауданында көктемде құлаған көпір қалпына келтіріліп жатыр

Уәлиханов ауданында көктемде құлаған көпір қалпына келтіріліп жатыр

Биыл көктемгі су тасқыны салдарынан Солтүстік Қазақстан облысының бірнеше ауданында инфрақұрылым бұзылды. Өңірдегі кейбір жолдарда топан суды өткізу үшін жарылыс жұмыстары жүргізілді. Табиғи апат басқа да зардаптарға әкелді, қазір ол біртіндеп жойылуда, деп хабарлайды QZ News тілшісі.

Мысалы, Уәлиханов ауданындағы Жұмысшы ауылының маңында орналасқан су өткізгіш құрылыстағы көпір толығымен опырылды.

«Көпір аудандық маңызы бар KTUL-336 «Бидайық-Өндіріс-Жұмысшы-Жамбыл» автомобиль жолында орналасқан. Бүгінгі күні аталған жол учаскесінде ұзындығы 35,2 шақырым жолға орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде», – деп жазды Уәлиханов ауданының әкімі Мұрат Абдулов өзінің Facebook парақшасында.

Shares