Уәлиханов ауданында сенбілікке 1,5 мыңнан астам тұрғын шықты
“Таза Қазақстан” республикалық акциясы аясында Уәлиханов ауданының ұйымдары мен мекеме қызметкерлері, қоғамдық ұйымдардың өкілдері, тұрғындары сенбілікке шықты, деп хабарлайды QZ Media тілшісі.
Акцияға қатысушылар саябақ аумақтарын, көшелерді тазалады. Ағаштарды әктеу, аумақтарды қоқыстардан тазарту, артық бұтақтарды кесу жұмыстары жүргізілді.
Жалпы, акцияға Уәлиханов ауданының 1500-нан астам тұрғыны қатысты. Іске 27 техника жұмылдырылды.