Жалынға қарсы күрес: СҚО әкімі суды толтыру үшін өрт сөндіру тіректерін салуды тапсырды
СҚО әкімінің төрағалығымен өрт қауіпті кезеңге дайындық бойынша жиын өтті, деп хабарлайды QZ Media тілшісі.
Қазіргі уақытта орман шаруашылығы 23 өрт сөндіру техникасы және 87 трактормен жабдықталған, 16 орман өрт сөндіру бекеті бар. Орман қорын бақылау үшін 16 интерактивті бейнебақылау жүйесі орнатылған. Облыстағы 7 орман шаруашылығына өртті ерте анықтаудың автоматты жүйелерін сатып алу жоспарлануда.
Өткен жылы 30 патрульдік автокөлік, 8 тіркемелі өрт сөндіру модулі мен қондырмалары сатып алынды. 2024 жылы 2 өрт сөндіру көлігі, 8 трактор және 12 квадрокоптер сатып алу жоспарлануда. Орман шаруашылығының техникамен қамтамасыз етілуі 87 пайызды құрайды.
Аймақ басшысы барлық өрт сөндіру гидранттарын талапқа сай келтіруді, сондай-ақ суды толтыру үшін өрт сөндіру тіректерін салу шараларын қабылдауды тапсырды. Сонымен қатар, елді мекендер мен балалар лагерлерінің айналасында ені кемінде 8 метр минералданған жолақтарды құруды қамтамасыз ету қажет. Бұл кезеңде өрт қауіпсіздігі ережелерін түсіндіру бойынша алдын-ала іс-шараларды жүргізу де маңызды.