Петропавловск
+21°C
Главная страница » CҚО » Жас петропавлдықтар енді NIS виртуалды мектебінде оқи алады

Жас петропавлдықтар енді NIS виртуалды мектебінде оқи алады

9 қазанда 6 сынып оқушыларына арналған NIS виртуалды мектебі өз жұмысын бастады, деп хабарлайды QZ Media тілшісі.

Виртуалды мектеп – 5 және 6 сынып оқушыларын «Өркен» білім беру гранты аясында Назарбаев Зияткерлік мектептерінің 7 сыныбынан оқуға конкурстық іріктеуге дайындауға арналған тегін білім беру алаңы.

Виртуалды мектептің «Математика», «Қазақ тілі», «Орыс тілі», «Ағылшын тілі», «Жаратылыстану» пәндері бойынша оқу бағдарламалары оқытудың тиімділігін арттыруға, қажетті дағдыларды дамытуға және мотивацияны арттыруға, сонымен қатар NIS қабылдауға дайындықты бастауға мүмкіндік береді.

Оқыту аяқталғаннан кейін өтілген тақырыптарды бекітуге арналған тапсырмаларды орындау керек және онлайн форматта қашықтан қорытынды тест өту керек. Еліміздегі жалпы білім беретін мектептердің 6 сынып оқушыларына арналған NIS виртуалды мектебіне тіркелу 2023 жылдың 18 желтоқсанына дейін жүргізіледі.

NIS виртуалды және демалыс мектептерінде оқу туралы толық ақпаратты vs.nis.edu.kz сайтынан алуға болады.

Shares