Петропавловск
+21°C
Главная страница » CҚО » Жедел жәрдем қаһарманы: өткен аптада облыстық жедел жәрдем орталығының қызметкерлері екі мәрте сәтті жансақтау жасады

Жедел жәрдем қаһарманы: өткен аптада облыстық жедел жәрдем орталығының қызметкерлері екі мәрте сәтті жансақтау жасады

Бірінші оқиға 1 қыркүйекте орын алды. 72 жастағы ер адам есінен танып қалған екен. Дастан Оразаев пен Әсет Қасеновтен құралған топ оқиға орнына 5 минуттың ішінде жеткен. Айта кетейік, бұл жігіттер – республикалық спартакиадада 1-орын алған команданың мүшелері, деп хабарлайды QZ Media тілшісі.

Мамандар оқиға орнына келген кезде науқас клиникалық өлім жағдайында болды. Үйлестірілген әрекеттердің арқасында жүрек қызметі қалпына келтірілді. Науқас кардиологиялық реанимация бөлімшесіне жеткізілді, онда оған тиісті көмек көрсетілді.

Екінші оқиға 4 қыркүйекте болған. Ділмұрат Шавдунов пен Батырхан Әлжанов бригадасы оқиға орнына 6 минутта жетті. 72 жастағы ер адамды тексергенде кардиогенді шок белгілері анықталды. Көмек көрсету кезінде қан айналымының тоқтауы орын алды. Мамандар жедел әрекет етіп, жүрек қызметін қалпына келтірді. Бірақ үш минуттан кейін жағдай қайталанды. Тағы көмек көрсетіліп, ер адамның жағдайы жақсарды. Науқас кардиоцентрге механикалық желдету арқылы жеткізілді. Қазіргі таңда екі науқастың да жағдайы тұрақты.

 

 

Shares