Петропавловск
+21°C
Главная страница » Спорт » 140-тан астам каратэші облыс чемпионатында бақ сынады

140-тан астам каратэші облыс чемпионатында бақ сынады

№17 ұлттық өркендеу орта мектеп-кешенінің базасында мейбукан годзю-рю каратэ-до бойынша облыс чемпионаты өтті, деп хабарлайды QZ Мedia тілшісі. Жарысқа 4 жастан 15 жасқа дейінгі 140-тан астам спортшы қатысты.

Чемпионаттың бас төрешісі Виктор Заиканың айтуынша, жарыс тиісті ережелер аясында және жарақатсыз өтті.

“Бұл төрешілердің сапалы жұмыс істеп жатқанын білдіреді. Қауіпті сәттер уақытында тоқтатылады. Балалар жоғары деңгей көрсетуде”, – деді чемпионаттың басты төрешісі Виктор Заика.

Облыстық чемпионаттың жеңімпаздары 22 наурызда Алматыда өтетін республикалық жарысқа жолдама алады.

Shares