Петропавловск
+21°C
Главная страница » Спорт » 8 наурыз: Қозыбаев университетінде волейболдан үздік әйелдер командасы анықталды

8 наурыз: Қозыбаев университетінде волейболдан үздік әйелдер командасы анықталды

8 наурыз Халықаралық әйелдер күні қарсаңында Қозыбаев университетінде волейболдан Студенттік спорттық Лига өтті, деп хабарлайды QZ Media тілшісі.

Әр факультетте құралған командалар 2 күн сынға түсті. Әр ұжымда 8-10 студенттен болды. Тартысты ойындардың нәтижесінде Педагогикалық факультетінің құрамасы жеңімпаз атанды. Агротехнологиялық факультеті екінші, ал Тіл және әдебиет институты үшінші орын еншіледі.

Сайыстың үздік шабуылшысы – Әсемгүл Әбілмәжінова (НРТ-22 тобы). Ал үздік ойыншы атағы Елена Ряписоваға берілді (ФКС-21-3 тобы).

“Ойын барысында чемпион анықталып қана қойған жоқ, өңірлік турнирде ойнау үшін Қозыбаев университетінің  құрамасы құрылды. Ол сәуір айында өтеді…

 

Shares