Петропавловск
+21°C
Главная страница » Спорт » Алексей Луценко «Джиро Д’Абруццо» жарысының корольдік кезеңінде жеңіске жетті

Алексей Луценко «Джиро Д’Абруццо» жарысының корольдік кезеңінде жеңіске жетті

11 сәуір күні «Джиро д’Абруццо» көпкүндігінің үшінші кезеңі өтті. Оның жеңімпазы қазақстандық Astana Qazaqstan Team командасының велошабандозы Алексей Луценко атанды, деп хабарлайды QZ Media тілшісі.

Сайыста қатысушылар 163 шақырымды бағындыру керек болды.

«Луценко бәрінің алдын орады. Ол Uae Team Emirates командасының өкілі Адам Йейтсті (екінші орын) және үшінші орын еншілеген Диего Улиссиді (Uae Team Emirates) қапы қалдырды», – делінген хабарламада.

Жалпы тізімде Луценко көш бастады. Екінші кезеңнен кейін атақты жерлесіміз екінші орында тұрған еді.

Shares