Петропавловск
+21°C
Главная страница » Спорт » Алтын белбеу, ақшалай сертификат және республикалық турнирге жолдаманы “Қызылжар барысы-2024” турнирінің жеңімпазы Алтынбек Аусағитов иеленді

Алтын белбеу, ақшалай сертификат және республикалық турнирге жолдаманы “Қызылжар барысы-2024” турнирінің жеңімпазы Алтынбек Аусағитов иеленді

Қаламыздағы А. Винокуров спорт сарайында қазақ күресінен 12-ші “Қызылжар барысы-2024” облыстық турнирі өтті. Күш пен ептілер сайысына үздік 32 палуан түсті, деп хабарлайды QZ Мedia тілшісі.

“Жарысқа Алтынбек Аусағитов сияқты атақты спортшылар қатысуда. Ол – қазақ күресінен 2023 жылғы әлем чемпионы. Бұл спорт түрі аймақта 15 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде қолға алынған. Сондай-ақ облыс аумағында ұлттық спорт түрлері бойынша арнайы мектеп жұмыс істейді”, – деді СҚО дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Сергей Мелехов.

Турнир қорытындысы бойынша 1 орынды Алтынбек Аусағитов иеленді. Ол алтын белбеу мен 500 мың теңгенің сертификатын алды, екінші орын Әділет Мырзашқа бұйырды. Ол 300 мың теңгені қоржынға салды, ал үшінші орында – 200 мың теңгемен Батырхан Қайырбек. Енді Алтынбек Аусағитов республикалық біріншілікте облыстың намысын қорғайтын болады.

Shares