Петропавловск
+21°C
Главная страница » Спорт » Дене де қызады, шеберлік те шыңдалады: “Қуаныш” ВК қызықты челленджге қатысты

Дене де қызады, шеберлік те шыңдалады: “Қуаныш” ВК қызықты челленджге қатысты

Петропавлдағы “Қуаныш” ВК спорт кешенінде Ұлттық лиганың әйелдер командалары арасында волейболдан ҚР чемпионатының екінші тур ойындары басталды. Біздің ұжым “Алтай”, “Қарағанды” және “Алматы” ВК-мен үш ойын өткізіп үлгерді, деп хабарлайды QZ Мedia тілшісі.

Біздің спортшылар жан-жақты екендерін айта кету қажет. Олар ұжымдағы көтеріңкі көңіл-күйді сақтау әрі шеберлікті шыңдау үшін “Себетке түсір” челленджін өткізді. Шарты қарапайым: допты себетке түсіре алмағандарға воллейбол доптары қарша борайды.

Бүгін, 18:30-да командамыз “Тұран” ВК-мен ойнайды. Біздің “Қуаныш” ВК-ын қолдайық!

 

Shares