Петропавловск
+21°C
Главная страница » Спорт » Петропавлда 700-ден астам күрес шебері бақ таластырады

Петропавлда 700-ден астам күрес шебері бақ таластырады

1 сәуір күні облыс орталығында еркін күрестен ҚР чемпионаты басталды. Оған ұлдар мен қыздар қатысады, деп хабарлайды QZ Мedia тілшісі.

“Спортшылардың барлығы мықты. Олар Азия ойындарының, Азия чемпионатының жеңімпаздары мен жүлдегерлері, Әлем чемпионаттарының қатысушылары. Бұл – Әлем чемпионатына және Азия чемпионатына іріктеу. Мұнда бәсеке өте жоғары. Еркін күрестен чемпионатқа 20 жасқа дейінгі жасөспірім ұл-қыздар қатысады”, – деді Ақтөбе қаласынан келген халықаралық санаттағы (1S) төреші Берік Шалабаев.

Чемпионаттың қорытындысы 2-ші күні шығады. Ал 3-4 сәуір аралығында Петропавлда грек-рим күресінен ҚР чемпионаты өтеді. Қатысушылардың жасы – 13-15 жас. Осылайша, Петропавлда өтетін екі ел чемпионатында марапаттар үшін 700-ден астам мықты палуан таласады.

Shares