Петропавловск
+21°C
Главная страница » Спорт » Петропавлда еркін, әйелдер және грек-рим күресінен Қазақстан чемпионаты өтеді

Петропавлда еркін, әйелдер және грек-рим күресінен Қазақстан чемпионаты өтеді

Петропавлда 1-11 сәуір аралығында А. Винокуров Спорт сарайында U-15 және U-20 арасында еркін, әйелдер және грек-рим күресінен Қазақстан чемпионаты өтеді, деп хабарлайды QZ Мedia тілшісі.

Белдесулер күн сайын таңғы 10:00-да бастау алады.

“1 сәуірде сағат 17:30-да А. Винокуров Спорт сарайында жарыстың салтанатты ашылуы өтеді. Баршаңызды чемпионатты тамашалауға шақырамыз”, – деп атап өтті СҚО дене шынықтыру және спорт басқармасы.

Shares