Петропавловск
+21°C
Главная страница » Спорт » Петропавлда хоккейден СҚО Кубогы басталды

Петропавлда хоккейден СҚО Кубогы басталды

Петропавлда, А. Винокуров спорт сарайында шайбалы хоккейден Солтүстік Қазақстан облысының кубогы басталды, деп хабарлайды QZ Мedia тілшісі.

Тартысты сәттерге толы дәстүрлі жарыста аудандық және петропавлдық хоккей ұжымдары күш сынасып жатыр.

Бірінші тур ойындары аясында Қызылжар ауданының командасы “Динамо” (СҚО ПД) командасын 9:1 есебімен жеңді. Аққайың және Мағжан Жұмабаев атындағы ауданнан келген “Бастомар” командасы арасындағы матч та дәл осындай есеппен аяқталды. Ал, мүсіреповтықтар мен есілдіктер тіркеген есеп – 12:1.

Кубок ойындары келесі жылдың наурыз айына дейін жалғасады.

Shares