Петропавлда Камиль Сафинді еске алуға арналған бокстан республикалық турнир басталды
Петропавлда бокстан халықаралық дәрежедегі спорт шебері Камил Сафинді еске алуға арналған жастар арасында республикалық турнирдің ашылуы өтті, деп хабарлайды QZ News тілшісі.
СҚО мен еліміздің басқа да өңірлерінен келген 97 спортшы 5 күн бойы сайысқа түседі. 10 команда қатысуда.
“Спортшылар Астана, Алматы қалаларынан, Абай, Жетісу, Жамбыл, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарынан келді. Турнир 15-16 жастағы жастар арасында 6 салмақ санаты бойынша өтеді. Бұл – біздің облысымыз үшін іріктеу жарысы. Мұнда қараша айының соңында өтетін ҚР чемпионатына қатысатын үздік спортшыларымызды таңдаймыз. Турнир 5 күнге жалғасады, финалдық жекпе-жектер сенбі күні, 9 қарашада болады. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер медальдармен, дипломдармен, сыйлықтармен, кубоктармен марапатталады”, – деді К.Сафин атындағы бокс мектебінің директоры Антон Лопатин.
Жастар арасындағы бокстан республикалық турнирде Солтүстік Қазақстан облысының намысын 20 спортшы қорғайды.