Петропавловск
+21°C
Главная страница » Спорт » Петропавлда Конституция күніне орай «Қызылжар-2023» жартылай марафоны өтті

Петропавлда Конституция күніне орай «Қызылжар-2023» жартылай марафоны өтті

Жыл артқан сайын қоғамда салауатты өмір салтын ұстанушылардың қатары ұлғайып келеді. Бұған Қазақстан Конституциясы күніне орай Петропавлда екінші жыл қатарынан өткен жартылай марафон дәлел, деп хабарлайды QZ Media тілшісі.

Өткен жылы спорт мерекесіне қатысуға 200-ге жуық адам жиналса, бұл жолы шыдамдылығын сынауға 300-ден астам адам келді. Айтпақшы, шараға солтүстікқазақстандықтар ғана емес, басқа да қалалардың өкілдері қатысты. Марафоншы ерлер де әйелдер де бірнеше жас тобына бөлінді. Олардың алдында 5, 10 және 21 шақырымға жүгіруді таңдау міндеті тұрды. Осы орайда қоса кету керек, ең үлкен марафоншы 83 жаста болды.

Жеңімпаздарды ерекше атап өту керек. Ерлер арасындағы абсолютті біріншілікте Вадим Левченков, Азат Назыров және Александр Беспалов үздік атанды. Әйелдер арасында: Диана Асауова, Әсем Назырова және Екатерина Романова.

Мәреде медальдар мен тиісті дәрежедегі дипломдардан бөлек, 50, 30 және 20 мың теңгенің ақшалай сертификаттары табыс етілді. Басқа қатысушылар мен түрлі номинациялардағы жеңімпаздар да назардан тыс қалмады. Әрқайсысы сертификат пен медаль алды.

Айтпақшы, жартылай марафон алдағы уақытта тағы да ұйымдастырылмақ.

Shares