Петропавловск
+21°C
Главная страница » Спорт » Петропавлда шайбалы хоккейден балалар арасында республикалық турнир басталды

Петропавлда шайбалы хоккейден балалар арасында республикалық турнир басталды

Петропавлда А. Винокуров спорт сарайында шайбалы хоккейден балалар командалары арасында республикалық турнирге бастау алды. Спорттық жарысқа 10-11 жас аралығындағы 90 ойыншы қатысуда, деп хабарлайды QZ Мedia тілшісі.

Күніне әр командада екі матчтан болады. Ақтөбе, Көкшетау, Ташкент қалаларынан 6 команда және “Құлагер” ұжымының екі командасы бақ пен бап сынайды.

Турнир 6 сәуірге дейін жалғасады. Үздіктерді марапаттау 5 сәуірде өтеді. Жеңімпаздар кубоктар мен медальдарға ие болады.

Shares