Петропавловск
+21°C
Главная страница » Спорт » Петропавлда спорттық акробатикадан Қазақстан кубогы өтіп жатыр

Петропавлда спорттық акробатикадан Қазақстан кубогы өтіп жатыр

Петропавлда жасөспірімдер мен жастар арасында спорттық акробатикадан Қазақстан Республикасының кубогы басталды. Қазақстанның 6 өңірінен жиылған 150-ден астам спортшы облыс орталығына өздерінің үздік екендіктерін дәлелдеу үшін келді, деп хабарлайды QZ Media тілшісі.

Акробатикадан ҚР Кубогы 3 күнге созылады. Осы уақыт ішінде қатысушылар жаттығуда үйренгеннің бәрін көрсетуі керек. Спортышылар 4 жас санатына бөлінді, олар неғұрлым үлкен болса, соғұрлым көп әрі қиын жеңіске жету элементтерін көрсету керек, деп атап өтті жарыстың бас төрешісі Андрей Ямпольский.

Бұл жарыста облысымыздың намысын 15 спортшы қорғайды. Олардың арасында жаңадан келгендер де, Қазақстанда ғана емес, халықаралық аренадағы жарыстарға қатысып үлгергендер де бар. Өмірін акробатқа арнауды енді ғана шешкендер үшін бұл кубок тамаша бастама болмақ.

«Алиса екеуміздің жаттығып жүргенімізге 2 жыл болды. Бұл жарыста біз өз мүмкіндігіміздің барлығын көрсетіп, жас санатымызда бірінші орын алғымыз келеді. Дәл осы сайысқа біз 2 аптадан аз уақыт дайындалдық. Дегенмен, элементтерді тыңғылықты дайындадық. Жақсы өнер көрсетеміз деп үміттенемін. Барлық қатысушыларға сәттілік тілеймін, бәрі жарақатсыз өтіп, мықтылар жеңіске жетсін»,- дейді жарысқа қатысушы Данила Эндуткин.

Қоса кетейік, Қазақстан кубогының жеңімпаздары келесі жылы Израильде өтетін әлем чемпионатына жолдама алады.

Shares