Петропавловск
+21°C
Главная страница » Спорт » Петропавлда тау шаңғысы бойынша біріншілік өтті

Петропавлда тау шаңғысы бойынша біріншілік өтті

Демалыс күні тау шаңғысы бойынша Петропавл қаласының ашық біріншілігі өтті. Жарысқа 15 адам қатысты, деп хабарлайды QZ Мedia тілшісі.

“Біз үйірмеге 9 жастан 11 жасқа дейінгі балаларды қабылдаймыз. Қатысушылар слалом бағдарламасы бойынша мықтыны анықтайды. Мұнда төменге құлдилаған спортшы оң мен солға лезде бұрылып, фигураларды айналып өтеді”, – деді бас төреші Василий Шунько.

Жарыста спортшының жолды өту сапасы мен жылдамдығы ескерілді.

“Басында бұл спортпен танысып көрдім, маған өте ұнады. Бүгін менің алғашқы жарысым өтіп жатыр”, – деді сайысқа қатысушы Райымбек Игбергенов.

Үздік спортшылар түрлі марапаттарға ие болды.

 

 

Shares