Петропавловск
+21°C
Главная страница » Спорт » Петропавлда теннистен облыс чемпионаты басталды

Петропавлда теннистен облыс чемпионаты басталды

Петропавлда теннистен облыстың ашық чемпионаты өтуде. Жарысқа 5 пен 17 жас аралығындағы 123 спортшы қатысып жатыр, деп хабарлайды QZ Мedia тілшісі.

Жарыс үшінші жыл қатарынан өтуде. Біздің облыс үшін үлкен теннис – жас спорт түрі. Теннис орталығының директоры Алик Есімовтың сөзінше, жетістіктер бар, СҚО-дан Қазақстан чемпиондары шығуда, халықаралық жарыстарда да өнер көрсетіп жүрген спортшылар жоқ емес.

“Мен тенниспен 5 жыл айналысамын, маған өте ұнайды. Петропавл, Көкшетау, Астанада өткен жарыстарда жеңіске жеттім. Осы жолы да жеңіске жетемін деп үміттенемін”, – деді чемпионат қатысушысы Захар Бойко.

Теннистен облыстың ашық чемпионаты екі күн өтеді. Оның жеңімпаздары республикалық жарыстарда облыстың намысын қорғауға мүмкіндік алады.

Shares