Петропавловск
+21°C
Главная страница » Спорт » Петропавлда тоғызқұмалақтан өткен облыс чемпионатына 100-ден астам жас қатысты

Петропавлда тоғызқұмалақтан өткен облыс чемпионатына 100-ден астам жас қатысты

Петропавлда тоғызқұмалақтан 9-13 жас аралығындағы жасөспірімдер арасында өткен облыс чемпионаты аяқталады, деп хабарлайды QZ Мedia тілшісі.

Бұл жарыс іріктеу болып табылады, оған 116 адам қатысты. 20-30 маусым аралығында Талдықорған қаласында кіші жасөспірімдер арасында ҚР чемпионаты өтеді.

“2023 жылдың қорытындысы бойынша біздің облыс Қазақстанда тоғызқұмалақты дамыту жөнінен үздіктердің бірі атанды, тиісті марапатқа ие болды. Өткен жылы СҚО аумағында алғаш рет тоғызқұмалақтан жастар арасында командалық ел чемпионаты өткізілді. Менің ойымша, біздің арамызда Қазақстанның, Азияның, әлемнің болашақ чемпиондары жүр”, – деді тоғызқұмалақ бойынша облыстың аға жаттықтырушысы Мейрамбек Өтенов.

Қоса кетейік, облыстың ересек командасы Ақтауға аттанады. Онда 14 мамырдан 24 мамырға дейін тоғызқұмалақтан ел чемпионаты өтеді.

Shares