Петропавловск
+21°C
Главная страница » Спорт » Петропавлдағы мектепте «Физикалық минут» челленджі өтті

Петропавлдағы мектепте «Физикалық минут» челленджі өтті

Қазақ мектептерінде «Физикалық минут» республикалық челенджі өтті. Шарадан Смағұл Сәдуақасұлы атындағы №2 орта мектептің оқушылары да шет қалмады деп хабарлайды QZ Media тілшісі.

Балалар мектептегі уақыттарының басым бөлігін партада өткізеді. Білім беру үдерісін әртараптандыру мақсатында бүгін республика бойынша «Физикалық минут» республикалық челленджі өтті. Бұл балаларға психологиялық қысымнан арылуға және иммунитетті жақсартуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, өскелең ұрпақтың бойына спортқа деген сүйіспеншілік пен салауатты өмір салтын қалыптастыруға септеседі.

«Салауатты өмір салтын нығайту және оқушылардың ынтасын арттыру үшін мұндай шаралар өте қажет деп есептеймін. Осы челлендждің белсенді қатысушысы болғанымызға өте қуаныштымыз».

«Маған бүгінгі «Физикалық минут» өте ұнады. Барлығының спортпен шұғылданғанын қалаймын. Салауатты өмір салты – денсаулық пен табыстың кепілі», – деп атап өтті челлендж қатысушылары.

 

 

Shares