Петропавловск
+21°C
Главная страница » Спорт » Петропавлдық Максим Санин Burabay ICE 2024 халықаралық турнирінің жеңімпазы атанды

Петропавлдық Максим Санин Burabay ICE 2024 халықаралық турнирінің жеңімпазы атанды

Солтүстікқазақстандық 30 спортшы, экстремалды жүгіру әуесқойы Burabay ICE 2024 халықаралық турнирінде ызғарлы жел мен аязды ауа-райы сынағынан лайықты өтіп, жоғары нәтиже көрсетті деп хабарлайды QZ Мedia тілшісі.

BURABAY ICE – Бурабай көлі мұзында өтетін әлемдегі жалғыз және бірегей жартылай марафон.

Аяз да, жел де 600-ден астам экстремалды әуесқойға кедергі болмады. Олар 7 км Snowstorm, 14 км Blizzard, 21 км White-out және 7 км құраған скандинавиялық жүріс жарысында бақ сынады.

Қатысушылар арасында Қазақстанның облыстарынан ғана емес, АҚШ, Ресей, Ұлыбритания, Италия, Өзбекстаннан да келген спортшылар болды. Солтүстікқазақстандық 30 спортшы, экстремалды жүгіру әуесқойы ызғарлы жел мен аязды ауа-райы сынағынан лайықты өтіп, жоғары нәтиже көрсетті:

21 км қашықтықта Санин Максим (18-35 жас) жеңімпаз атанды;

14 км қашықтықта күміс жүлдегерлер – Жаңыбаева Құралай (18-35 жас) және Романова Екатерина (36-49 жас);

7 км қашықтықты құраған абсолютті біріншілікте қола жүлдегер – Величко Юлия;

Чемпион – Марат Берденбеков (50 жас +);

Күміс жүлдегер – Помазанова Андрей (36-49 жас);

7 км құраған скандинавиялық жүріс жарысында Макина Сәуле (50 жас +) күміс жүлдегер атанды.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер бағалы сыйлықтармен марапатталды. Ал медальдарды мәреге жеткен барлық әуесқой спортшы алды.

Shares