«Қарасай» стадионының жөндеу жұмыстары 2025 жылдың көктемінде аяқталады
Петропавлда «Қарасай» стадионын қайта жөндеудің екінші кезеңі жалғасуда. Жоспарланған жұмыстар аясында 1 млрд 500 млн теңгеден астам инвестиция салынады, деп хабарлайды QZ News тілшісі.
Бас мердігер – «Зерттеу СК» ЖШС. Бірінші кезеңде футбол алаңын, жарықтандырудіңгектерін ауыстыру және алаңға жылыту және суару жүйесін орнату жұмыстарыжүргізіліп қойған. Жөндеу жұмыстары аясында әкімшілік ғимаратты да кеңейтужоспарлануда, деді Ғауез Нұрмұхамбетов Астанада Орталық коммуникациялар қызметіндеөткен брифингте.
«Бұл облыс орталығы үшін өте маңызды жоба. Қайта құрудың бірінші кезеңінде футбол алаңына көңіл бөлінсе, екінші кезеңде бұл жобаны толық аяқтау үшін әкімшілік-тұрмыстық кешен, трибуналар, карниздер, жүгіру жолағы салынды. Нысан 2025 жылдың наурыз айының басында пайдалануға берілуі тиіс. Сенбі күні стадионға барамын деп жоспарлап отырмын, нысанды пайдалануға берудің нақты мерзімін сол жерде шешеміз», – деді аймақ басшысы елордада өткен брифингте.