Петропавловск
+21°C
Главная страница » Спорт » Қозыбаев университетінің студенті Қазақстанның үздік көпсайысшысы атанды

Қозыбаев университетінің студенті Қазақстанның үздік көпсайысшысы атанды

Қозыбаев университетінің студенттері полиатлоннан жабық кешендегі Қазақстан чемпионатында жоғары нәтиже көрсетті. Республикалық турнир 5-10 наурыз аралығында Өскемен қаласында өтті, деп хабарлайды QZ Media тілшісі.

Дүбірлі додаға университеттің бес студенті қатысып, Солтүстік Қазақстан облысының намысын қорғады. Үздік спорттық шеберліктерін көрсете отырып, жастар 3 алтын, бір күміс және бір қола медаль иеленді.

“Ең жақсы нәтижені Никита Изотов көрсетті. Ол абсолютті біріншілікте және 21-23 жас санаты бойынша бірден екі алтын алқаны жеңіп алды. Осылайша, Никита Қазақстанның ең мықты полиатлоншысы атанды. Сонымен қатар, спортшы жабық кешендегі 2000 метр қашықтықты 5 минут 43 секундта жүгіріп өтіп, Қазақстан рекордын орнатты”,- деп хабарлады Қозыбаев университетінің өкілдері.

Сонымен қатар, Арсен Хамзин де алтын медаль жеңіп алды. Ол 18-20 жас санатында бақ сынасты. 21-23 жас санатындағы чемпионаттың «күміс» жүлдесін 3-курс студенті Юлия Безушко жеңіп алды. Бойжеткен спорт шеберіне үміткер нормативін орындады және 1000 метрге жүгіруде өзінің жеке рекордын орнатты. Ал Юлия Крец жеке рекорд орнатып, «қола» жүлдеге қол жеткізді. Аркадий Есман 5 орынға ие болды.

Спортшылар Александр Владимирович Наумовтың жетекшілігімен жаттығады, ол ардагерлер арасында керемет өнер көрсетуді жалғастыруда. Спортшы жетістігін тағы бір жеңісімен дәлелдеді. Ол Қазақстан чемпионатын 51-ші рет жеңіп алды.

Shares