ҚР Ұлттық ұланы Академиясының әскери қызметшілері қысқы Президенттік көпсайыс чемпионатында жүлделі орындарға ие болды
Петропавлда Қазақстан Республикасының қысқы Президенттік көпсайыс чемпионаты өтті. Жарысқа өңірдің түрлі ұйымдары мен ведомстволарының 9 командасы қатысты, деп хабарлайды QZ News.
Президенттік көпсайыс – қатысушылардан тек жоғары физикалық дайындықты ғана емес, сондай-ақ төзімділікті, ерік-жігерді және тактикалық ойлауды талап ететін ең күрделі спорт түрлерінің бірі.
Бұл сайыста ҚР Ұлттық ұланы Академиясының әскери қызметшілері де өз күштерін сынап, жоғары деңгейдегі спорттық дайындықтары мен жеңіске деген жігерлерін көрсетті. Жарыс қорытындысы бойынша Академия өкілдері жекелей есепте жүлделі орындарға ие болды:
40-49 жас санатында 1-орын – подполковник Нүсіпов Мақсат Туғанбайұлы, дене шынықтыру және спорт кафедрасының бастығы.
50-59 жас санатында 2-орын – полковник Корнилов Николай Александрович, тактика және жалпыәскери пәндер кафедрасының бастығы.