Петропавловск
+21°C
Главная страница » Спорт » “Қуаныш” ВК маусымды қорытындылады

“Қуаныш” ВК маусымды қорытындылады

“Қуаныш” волейбол клубының өкілдері журналистермен кездесіп, жаздың ортасында басталған маусымды қорытындылады. Биылғы жылы түрлі деңгейдегі жарыстарда бақ пен бап сынаған команда жақсы нәтиже көрсетті, деп хабарлайды QZ Мedia тілшісі.

“Ел Кубогында жақсы өнер көрсетіп, клуб тарихында тұңғыш рет бірінші орын иелендік. Біз үшін бұл күтпеген жағдай болды, біз командалардың қандай деңгейде болатынын білмедік. Маусымда олар түрліше ойнады, бір жерде жақсы, бір жерде нашар дегендей. Көптеген ойындар қатарынан болды, жүктемелерге төтеп беру оңай емес, психологиялық тұрғыдан да қиын”, – деді “Қуаныш” ВК аға жаттықтырушысы Дмитрий Журавлев.

Маусымда жергілікті ұжым екі рет жеңілістің кермек дәмін татты. Түркістанда өткен финалдық ойында команда жеңіске жете алмады, қоланы қанағат тұтт.

“Түркістанда жартылай финалда біз “Тұран”командасымен ойнадық. Үш кездесудің қорытындысы бойынша жеңіліп қалдық, жақсы күрес болды. Үшінші орын үшін “Жетісу” командасымен ойнадық, онда өзімізді сенімді түрде көрсеттік. Бірінші ойында жеңдік, екіншісінде жеңілдік, үшіншісінде жинала алып, жеңіске жеттік. Барлығы осы ойынға тыңғылықты шықты”, – деді Анастасия Бавыкина.

Қазір “Қуаныш” ВК жаңа спорт маусымына дайындалып жатыр.

Shares