Петропавловск
+21°C
Главная страница » Спорт » «Qyzyljar» ФК өз алаңында қарағандылық «Шахтермен» тең ойнады

«Qyzyljar» ФК өз алаңында қарағандылық «Шахтермен» тең ойнады

«Qyzyljar» футбол клубы өткен демалыс күндері өз алаңында қарағандылық «Шахтер» командасын қабылдады, деп хабарлайды QZ Media тілшісі.

Маңызды ойында әр командаға тек жеңіс керек болды. Алғашқы минуттардан-ақ қызылжарлықтар ойын тізгінін өз қолдарына алғысы келгелді. Бірақ нәтиже болмады. Кездесудің 8-минутында қонақтар алаң иелерінің қорғанысын бұзып, қақпамызға гол соқты. Мергендігімен қарағандылық шабуылшы Иван Свиридов танылды. Осы голдан кейін петропавлдықтардың қарқыны арта түсті. 34 минутта Евгений Березкин таразы басын теңестірді.

Екінші таймда қызылжарлықтар қарсылас қақпасы манында көп қауіпті сәттер тудырды, бірақ бұдан еш нәтиже шықпады. Команда есепті еселей алмады. Кездесу 1:1 есебімен аяқталды. Осы матчтан кейін петропавлдық клуб 30 ұпаймен турнирлік кестедегі 5-ші орынды сақтап қалды. Футболшыларымыз келесі кездесуін сырт алаңда ақтаулық «Каспийге» қарсы өткізеді.

 

Shares