«Шахмат керуені» Петропавлға келді
«Шахмат керуені» Петропавлға келді. Басты мақсат – еліміздің барлық аймағында зияткерлік спортты дамыту. Бұл күні облыс орталығындағы орталық алаңда шахматтан турнир өтті. Оның жеңімпазы Түркістанда өтетін гранд-финалға жолдама алады, деп хабарлайды QZ Media тілшісі.
Күні кеше Көкшетауда бастау алған республикалық жобаның эстафетасын Солтүстік Қазақстан облысы екінші өңір болып алды. Керуеннің келуі аясында Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Қазақстан шахмат федерациясы ашылып, оның төрағасы болып облыс әкімінің орынбасары Рүстем Құрманов тағайындалды.
«Керуен Көкшетаудан басталды. Солтүстік Қазақстанда 5 мың адам шахмат ойнайды. Оның 3500-і – ауыл тұрғындары. Жастардың осы спорт түрімен айналысуына жағдай жасауымыз керек. Бүгін ашылып отырған федерацияның басты мақсаты да осы»,– деді Солтүстік Қазақстан облысы бойынша шахмат федерациясының төрағасы Рүстем Құрманов.