Солтүстікқазақстандық каратэшілер Мәскеуде өткен әйелдер арасындағы халықаралық турнирде екі алтын, үш қола медаль жеңіп алды
Мәскеуде киокушинкай каратэден әйелдер арасында Үшінші халықаралық турнир өтті.Спорттық додаға Ресей, Қазақстан және Беларусь спортшылары қатысты. Жарыста Солтүстік Қазақстан облысының атынан бес каратэші өнер көрсетті, деп хабарлайды QZ News тілшісі.
Жалпықазақстандық киокушинкай каратэ ұйымының СҚОФ директоры Владимир Витченко атап өткендей, спортшылар жас және салмақ бойынша жаңа категориялар бойынша бақ сынаған, бірақ соған қарамастан финалға шықты.
Турнирде Светлана Малихтарович және Милана Баранова алтын алса, Сафира Гематдинова, Алина Сейтенова және Дарья Витченко қола жүлдені жеңіп алды.
«Бұл тамаша нәтиже деп саналады. Спортшылардың өнеріне ризамын. Расында, олар рух танытып, техника мен тактика көрсетті. Үш аптадан кейін қыздар Талдықорғанда өтетін Қазақстан Республикасының чемпионатына аттанады. Олар өз салмақ дәрежелерінде өнер көрсетеді. Қазақстан Республикасының чемпионындағы жеңіс оларға Қазақстан құрамасына кіруге мүмкіндік береді», – деп атап өтті Владимир Витченко.
Солтүстікқазақстандық каратэшілер жыл сайын Мәскеуде өтетін әйелдер арасындағы халықаралық турнирге қатысуды жоспарлап отыр. Бұл додада СҚО-ның мықты деген каратешілері бақ сынайды.