Солтүстікқазақстандық каратэшілер Ресейде өткен турнирде 100-ден астам медаль жеңіп алды
Солтүстік Қазақстан облысының спортшылары киокушинкай каратэден Омбыда өткен чемпионатта сәтті өнер көрсетті, сонымен қатар каратэшілеріміз «Стенка на Стенку» және «Новое поколение» турнирларына да қатысты, деп хабарлайды QZ News тілшісі.
Өңір спортшыларының марапат қоржыны 103 медальмен толықты. Оның 35-і алтын, 36-сы қола.
«Осындай турнирлердің арқасында біздің жігіттер үлкен тәжірибе жинақтап, халықаралық турнирлерде сәтті өнер көрсетуде. Омбыда өткен жарысқа әлем, Еуропа және Еуразия чемпионаттарының жүлдегерлері қатысты. Жекпе-жек өте қызықты өтті, жігіттер лайықты дайындық деңгейін көрсетті. Біз бұл жарысқа тәжірибелі спортшылармен қатар әлі мұндай деңгейдегі турнирлерге қатыспаған спортшыларымызды да апардық. Бұл жарыс біздің тәрбиеленушілеріміз үшін олардың күші мен тактикалық дайындығының сынағы болды», – дейді Бүкілқазақстандық киокушинкай каратэ ұйымының СҚОФ директоры Владимир Витченко.