Петропавловск
+21°C
Главная страница » Спорт » Солтүстікқазақстандық парашаңғышылар Қазақстан чемпионатында 28 жүлде еншіледі

Солтүстікқазақстандық парашаңғышылар Қазақстан чемпионатында 28 жүлде еншіледі

Парашаңғы жарысынан Қазақстан чемпионаты Щучинск қаласында 19-22 наурыз аралығында өтті. Жарысқа еліміздің 4 өңірінен 37 спортшы қатысты, деп хабарлайды QZ Мedia тілшісі.

Солтүстік Қазақстан облысының спортшылары, атап айтқанда Александр Герлиц, Ербол Хамитов, Сергей Усольцев, Қайрат Канафин, Денис Зинов, Владислав Кобаль, Станислав Ставров, Елена Мазуренко түрлі қашықтықта жеңімпаздар мен жүлдегерлер қатарынан көрінді.

“Ел чемпионаты – бұл Финляндияда өтетін әлем чемпионатына дайындалу үшін жақсы мүмкіндік. Жақында мен әлем чемпионатында жақсы нәтиже көрсетіп, елдің намысын лайықты қорғай аламын деп үміттенемін”, – деді Пекин-2022 қысқы Паралимпиада ойындарының қатысушысы Александр Герлиц.

Жалпы, біздің спортшылар Петропавлға Щучинск қаласынан 15 алтын, 7 күміс және 6 қола медалмен оралды.

Shares