Петропавловск
+21°C
Главная страница » Спорт » Солтүстікқазақстандық спортшылар Кристина мен Алина Шумековалар конькимен жүгіруден өтіп жатқан әлем чемпионатында медаль еншіледі

Солтүстікқазақстандық спортшылар Кристина мен Алина Шумековалар конькимен жүгіруден өтіп жатқан әлем чемпионатында медаль еншіледі

Қазақстан конькимен жүгіруден Жапонияда жалауын желбіреткен әлем чемпионатында небәрі бір сағат ішінде екі медаль жеңіп алды. Бұл солтүстікқазақстандық Кристина мен Алина Шумековалардың арқасында мүмкін болды, деп хабарлайды QZ Мedia тілшісі.

Алдымен олар із кесу жарысында үшінші орын еншіледі, содан кейінгі спринтте мәре сызығын екінші болып кесті. Бірінші сайыста Кристина, Алина Шумековалар мен Мария Деген жапониялық және нидерландиялық қыздарға есе жіберді.

“Спринтте біздің Кристина, Алина және Дарья Гавриловадан тек нидерландиялық қыздар жылдам болды. Қыздар мен олардың жаттықтырушыларын әлем чемпионатында табысты өнер көрсетулерімен құттықтаймыз және оларға жаңа жеңістер мен жетістіктер тілейміз”, – деп жазды әлеуметтік желілерде СҚО дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Сергей Мелехов.

Shares